Тәуелсіз Қазақстан энциклопедиялары

 

Барлық мемлекет пен қоғамның ең маңызды міндеті - өз еліңді барлық жағынан танып білу. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық аймақтары бойынша жан-жақты және шынайы анықтамалық ақпарат қор ұсынуда ұлттық электрондық энциклопедиялық ресурс құру қажеттілігі туындап отыр. Бұл өңірлердің мәдениеті мен тарихына қызығушылық артқаны мен ішкі туризмнің дамуына байланысты болып отыр.  

Бұл ресурсты құру қазіргі заманғы мемлекеттік мәдени саясаттың екі негізгі міндетіне жауап береді. Біріншіден, ұлттық сандық ақпарат пен мәдени ресурстарға қолжетімділікті  қамтмасыз ету арқылы ақпараттық ортаның тұлғасын қалыптастыру үшін қолайлы орта құру және екіншіден, интернеттегі материалдардың сапасын арттыру. Орналастырылған материалдар үнемі толықтыру үшін және қолжетімді болу үшін ашық және интернет бар кез-келген жерден пайдаланушыларға қолжетімді. Қазақстан туралы материалдарды бірыңғай электронды энциклопедияда  жинастыру Қазақстан туралы нақты және шынайы ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді.   

Матераилдарды жинақтау үшін Қазақстанның барлық өңірлері жұмылдырылады. Оларға жаңа ресурсқа облыс, аудан, қала және ауылдың дамуы туралы мәліметтерді беру ұсынылады. Портал бес ақпараттық деңгейден тұрады.  

Бірінші деңгей жалпы Қазақстан туралы материалдарды жинақтайды.

Екінші деңгей 16 кластерден тұрады, оған 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қалалар туралы жаңартылған анықтамалық ақпарат және аумақтар туралы негізгі мәліметтер кіреді (әкімшілік-аумақтық құрылымы, табиғи жағдайлары мен ресурстары, тұрғындары, экономика, мәдениеті, белгілі қайраткерлері және т.б.). Үшінші деңгей «Тұлғалар», төртінші деңгей «Жаратылыстану ғылымдары», бесінші деңгей «Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар». «Тәуелсіз Қазақстан энциклопедиялары» интернет жобасын басқару үшін Бас ғылыми-редакциялық кеңес құрылады.  Кеңеске Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы мен қызметкерлері кіреді. Сондай-ақ, Кеңеске ғылыми институттар мен  Қазақстанның көрнекті ғалымдары шақырылады.